Коронавирусқа қарсы ем табылды

Аустралия ғалымдары COVID-19 коронавирусына қарсы ем табылды, деп мәлімдеді. Квинсленд университеті Клиникалық зерттеу орталығының зерттеушілері  сынақтан өткізу барысында бірден екі вакцинаның тиімділігін көрсеткендігін айтады.  Оның біріншісі АҚТҚ-мен күресте пайдаланатын дәрілік зат болса, екіншісі, безгекке қарсы хлорохин, деп хабарлайды Daily Mail.

Ғалымдар таяуда осы екі препарат арқылы клникалық сынақ жасалатындығын мәлімедеді. Бұл дәрілік заттар COVID-19 вирусымен күресте тиімділігін көрсеткен әрі бірнеше науқастарда нәтижесін берген. ВИЧ препаратымен емделген науқастардың алғашқы толқыны емді жақсы қабылдаған. Ал жаппай зерттеулер наурыз айының аяғына жоспарланып отыр. Ғалымдар жоғарыда аталған препараттардың коронавирусты жеңуде әмбабап болатындығына сенім білдіруде.

 

Дерек көзі: egemen.kz