Конституция күні — біздің мемлекетіміздің ең ұлық мерекелерінің бірі

Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», — деген сөзі бар. Осы орайда ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыз.

Аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасқан әлеуетті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды.

Конституциямыздың келешекте еліміздің алдыңғы қатардағы мемлекет болуына, демократияның, тиімді экономикалық реформалардың қалыптасуына жағдай жасайтын басты нормативтік құжат болатыны анық. Бұған қол жеткізу үшін әрбір азамат Конституцияда көрсетілген өз құқықтары мен міндеттерін терең түсініп, сақтауы қажет.

20 мыңнан астам мүшесі бар «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы да осынау мерейлі мерекені ерекше ықыласпен қарсы алып отыр. Өздеріңіз білесіздер, биылғы жылдың 19 маусымы күні Елбасымыздың Жарлығымен Шымкент еліміздің үшінші мегаполисі атанды. Ғасырдың тарих қойнауында орны ерекше осы даталы күн барлығымыздың ісімізге үлкен серпіліс әкелді.

22 жаңа тың жобаны іске асыру арқылы халықтың цифрландыру жүйесіне қатысты біліктілігін көтеруді, үш тілділікке өтудің тетіктерін іске асыруды, бизнестің онлайн-сервис геоақпаратына өтуді, мемлекеттік жастар саясатының, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуіне кеңінен жол ашуды, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдауды негізгі бағыт етіп ұстанған партияның алға қойған мақсаты мен болашағы айқын.

Бүгінгі іс-шарада партия мен қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, партия филиалдарында іс тәжірибеден өтіп жатқан жас мамандар филиал төрағасының бірінші орынбасарының  атынан «Алғыс Хаттармен» марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *