Әкімдік мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алу шарттарын түсіндірді

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-бұл шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, Астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем.
Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі:

•  Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері
шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:
•  Зейнеткерлік жасқа жету;
•  бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар;
•  екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар болған кезде.
Келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға:
•  жеті жасқа дейінгі бала;
•  мүгедек-бала;
•  бірінші немесе екінші топтағы мүгедек;
•  қарттар;
• б өгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж.

Шартты ақшалай көмек жалғыз басты және/немесе жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның (олардың) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімделу қажет болған жағдайда шартты ақшалай көмек көрсетіледі.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындайтын учаскелік комиссиясы қайта қаралып, 2018 жылдың 25 шілдеде №5 өкіммен комиссия құрамы қайта бекітілді.
Аталған учаскелік комиссияға ауданымыздың қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, учаскелік инспекторлар, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік мейірбикелер және аудан әкімі аппараттың қызметкерлерінен құралды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы №246 заңы 5-бабының, 1-тармағына сәйкес учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайы туралы қорытынды дайындайды.
Осыған орай, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі таңға дейін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 3030 үміткер отбасы тапсырып, оның 2694 «мұқтаж» деп танылса, 336 «мұқтаж емес» деп танылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан бақылауға алынып, тұрақты түрде жүргізілетіндігін мәлімдеді.

 

199 рет оқылды
  • 6
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *