Әкімдік балаларға қуаныш сыйлады

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жомарт жандардың балаларға қайырымдылық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар, жетім, тұл жетім және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға жомарт жандар демеушілік жасап, 150 балаға қуаныш сыйлады. Оларға жаңа оқу жылына сөмке, кеңсе заттарын табыстап, «Фиркан сити» сауда – ойын-сауық орталығында көңіл көтеруіне жағдай жасады. Балалар «Funky town» ойын алаңында ойнап, олардың құрметіне жайылған дастарханнан дәм татып, «Арсенал» кинотеатрында «Монстры на каникулах» мультфилімін тамашалауда.

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырған шараға «Фиркан сити» сауда – ойын-сауық орталығы, «Mega Planet» ойын-сауда орталығы, «Имран» СҮ, «Орталық қырғы базар» ЖШС, «Жайлаукөл» демалыс аймағы, «Шымкент плаза» сауда үйі басшылары демеушілік жасады. Іс-шараға аудан аумағында орналасқан мектеп ұстаздары аз қамтылған отбасы балалары және БАҚ өкілдері қатысты.

95 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *