Әкім ұстаздарды марапаттады

Шымкенттік педагогтардың құрметіне «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде мерекелік дастархан жайылды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысып, ұлағатты ұстаздарды кəсіби мерекесімен құттықтады.

Сөзін «Менің анам да мұғалім болып еңбек етті» деп бастаған шаһар басшысы мəртебелі мамандық иелеріне алғыс айтып, алдағы жылы Елбасы Жолдауына байланысты зор бастамалар күтіп тұрғанына жəне келер жыл ұстаздар қауымы үшін табысты болатынына тоқталды.

– Біз — біртұтас қоғамбыз. Миллионды қаламен бірге дамып, өсіп өркендейтін шаһардың тұрғындарымыз. Əртүрлі салаға бөлініп қызмет етсек те, көтерген жүгіміз бір, мақсаты айқын бір ұжымбыз. Шымкент қаласын дамыту бағытында бəріміз бірге жұмыс істейік. Сіздер білім беріп, тəрбиелеген Шымкент жастары Қазақстан халқына қызмет етіп, абыройларыңызды асқақтата берсін! — деді әкім.

Ғабидолла Рахматоллаұлы салтанатты іс-шарада бірқатар ұстазға Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», сондай-ақ, ҚР Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгілерін тағып, Алғыс хат тапсырды.

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов өз құттықтауын жеткізсе, қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан бірқатар мұғалімдерге Шымкент қаласы əкімінің тапсырмасымен қолға алынған жоба аясында баспана құнын субсидиялау сертификаттарын тапсырды. Енді пәтер бағасының бастапқы жарнасының 10%-ын жинап үлгерген ұстаздардың қалалық бюджеттен бөлінетін 10% субсидияны пайдалана отырып, жақын күнде қоныс тойын тойлауға мүмкіндіктері бар.

92 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *