Қайрат Нұртай Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қаласы филиалы төрайымы А.Қапбарованы қабылдады

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай жаңадан құрылған Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қаласы филиалы төрайымы, «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Айгүл Қапбарованы қабылдады.

Қайрат Ырзақұлұлы Айгүл Жарылқасынқызын жаңа қоғамдық қызметке сайлануымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Кездесуде журналистиканың қазіргі жай-күйі, оның қоғамдағы алар орны мен маңызы, журналистердің шығармашылық әлеуеті, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысы және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуы туралы әңгіме болды.

Қ.Нұртай жаңадан құрылған Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қаласы филиалының жұмысына сәттілік тілеп, А.Қапбарова бастаған журналистер қауымын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Төртінші билік өкілдеріне алдағы уақытта да шығармашылық жұмыста ойы жүйрік, қаламы қарымды болуларына тілек қосты. Бұл ретте БАҚ өкілдеріммен етене жұмыс жасайтынын айтты.

53 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *