Кентаулықтар праймеризге дауыс беруге дайын

Кентау қаласында праймеризге дауыс беретін 20 орын толығымен дайын. «Nur Otan» партиясының мүшелері 15 орында онлайн, 5-де офлайн дауыс беретін болады.
— Дауыс беру орындары қалада 4 жерде, қалғаны ауылды жерлерде орналасқан.

Барлық дауыс беру орындары арнайы компьютермен қамтылды. Ғаламтор желісі де жақсы жұмыс істеп тұр. Онлайн дауыс беруге телефоны жоқ тұрғындарға да барынша жағдай жасадық – дейді «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков.

Жалпы Кентау қаласында «Nur Otan» партиясының 7009 мүшесі бар. Ал, праймеризге қатысушы 85 үміткер бүгінгі күнге дейін қала аумағында партия мүшелерімен кездесулер өткізді. Өзара дебатқа түсіп біліктіліктерін көрсетті. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, бағдарламаларымен кең көлемде таныстырды.

Айта кетейік, қазан айының 1,2,3 күндері праймеризге қатысушы 85 үміткерге «Nur Otan» партиясының мүшелері дауыс береді.