«KEGOC» АҚ филиалы «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» мекемесiне қатысты тексеру жүргізілді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі — Департамент) ағымдағы жылдың 04 қаңтары мен 05 қаңтары аралығында ​ «KEGOC» АҚ филиалы «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» мекемесiнде (бұдан әрі — Мекеме) 2021 жылдың 22 қаңтарында, ҚС 500кВ «Шымкент» ӘЖ-5169 өшуі орын алғанына байланысты электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау(бұдан әрі – Тексеріс) жүргізді.

Тексеріс барысында сол күндері ауа райы жаңбырлы, артынша қарлы болуы және желдің 16 м/с ұйытқуы себебінен 500кВ «Шымкент» қосалқы станциясында технологиялық бұзушылық орын алғаны анықталды. Тексеріс қорытындысы бойынша Департамент тарапынан Мекемеде анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған тіректің жерге қосу контурының кедергісін өлшеу және тіректерге сымның ілінуін жою үшін «С» фазасына 600 кг-дық жүгі бар БЛ балласттарын орнату бойынша нақты мерзімдері көрсетілген Нұсқама берілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті.