Касса машиналарын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасы және Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының мамандары қаламыздың базарларында онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда, «Айна», «Алаш», «Авто-нұр», Қырғы базар», «Дархан» және т.б. базарлардағы кәсіпкерлермен кездесу өткізіліп, оларға онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі, шарттары, арнаулы салық режимін қолдану тәртібі толығымен түсіндірілді.
Сондай-ақ, базарларда сауда жасаушылардың назарына осы жылы 633 қызмет түрі онлайн БКМ қолдануға өтетіндігі жеткізілді.

Қазіргі уақытта, базарларда кәсіпкерлерге салық салу мәселелері бойынша «Қеңес беру орталықтары» ашылған. Онда салық төлеушілер арнайы орналастырылған терминалдар арқылы өз бетінше салық есептіліктерін тапсыра алады және мұнда салық және төлемдерді қабылдайтын кассалар жұмыс жасайды.
Орталықтарда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері салық төлеушілерге онлайн БКМ тіркеу және қолдану мәселелері бойынша, салық заңнамасының нормаларына қатысты кеңес береді. Салық кодексіндегі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіре отырып, салық есептілік кезеңінде кәсіпкерлерге есептілік нысандарын толтыруға көмек көрсететін болады. Алдағы уақытта кәсіпкерлер әлде-кімнің көмегінсіз-ақ, өздігінен салық есептіліктерін тапсыратын дәрежеге жетеді. Яғни, бұл кәсіпкерлерге уақыттарын үнемдеп, жұмыс орнынан алыстамай, салықтық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.
Түсіндірме жұмыстары барысында салық төлеушілерге арнайы жаднамалар үлестілірді.

Жалпы соңғы бір жарым айда мемлекеттік кірістер органдарында 1684 онлайн БКМ тіркеуге қойылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

21 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *