Карантин ертерек аяқталсын десек …

Құрметті шымкенттіктер! Қадірменді ағайын!

Қалада қолма қол ақшаны (қағаз болсын, тиын болсын) пайдалануға, олармен төлем жасауға шектеу қойылды.

Бұл – біздің қауіпсіздігіміз үшін қабылданған шешім!

Карантин ертерек аяқталсын десек, барлық шектеулерді толық сақтап, азаматтық танытайық! «Қариялар қайтеді, балалар мен аналар не істейді?» деп данышпан-жанашырлар шығатын да шығар…

Дегенмен, бұл шара, өкінішке қарай, індеттен әбден зардап көріп, мыңдаған азаматынан айырылған елдердің тәжірибесінен алынды. Жаманның бетін қайтарып, алдын алып, сақтанайық!

Дер кезінде қабылданған батыл қадам! Дұрыс шешім! Ендеше, бірлігімізді танытып, талаптарды саналы түрде орындай білсек, алдағы жақсы күндерімізді жақындатамыз ағайын!

Бахадыр Нарымбетов

Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары