«Канело» дәрі ішіп жатқаны видеоға түсіп қалған

Ақпанда Альварестің екі допинг-сынамасынан тыйым салынған зат — кленбутерол табылды.

Instagram-да қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қатысты айтқан сөзін растайтын видео жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz. 

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Головкин қарсыласы алғашқы жекпе-жек алдында да «таза» болмағанын мәлімдеген еді. Ол мексикалықтың бұлшық еттерінің өсуіне көмектескен денесіндегі ине іздерін дәлел ретінде келтірді, сонымен қатар «Канело» салмақ өлшеу алдында қандай да бір дәріні жұтып, артынан су ішкенін айтқан болатын. Геннадий мексикалық боксшыны «алаяқ» деп атап, одан осы жайтты түсіндіруді талап етті.

Айта кетейік, ақпан айында Альварестің екі допинг-сынамасынан тыйым салынған зат — кленбутерол табылды.

дерек көзі: sputniknews.kz

1 238 рет оқылды
  • 23
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *