КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталиннің қатысуымен кеңес өтті. Жиында Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақ ұйымдарының жаңа басшылары ұжымға таныстырылды.
«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болып Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы тағайындалды. Бауыржан Әлтеев 1955 жылы 9 қыркүйек күні Онтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Еңбек жолын Түлкібас станциясының темір жолшысы болып бастаған. Сонан соң Ұлттық Қаупсіздік Комитетінің жоғарғы офицерлік лаузымды қызметкері, ОҚО бойынша Кеден басқармасының және Қазақстан Республикасының Кеден Комитетінің контрабандаға және кеден ережелерін бұзушылақа қарсы күрес бөлімінің, басқармасының басшысы болып қызмет атқарған. Одан бөлек бірнеше абыройлы қызметтерде болып, еңбек жолында адал қызмет еткен. Соңғы жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысының «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы және «YNTYMAQ» салалық кәсіподағының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалдарының төрағасы қызметтерін атқарған.

Ал, «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болып Бердіғали Өмірәлі тағайындалды. Өмірәлі Бердіғали Жамшидұлы 1962 жылы 8 маусым күні Шымкент облысы, Ленгер ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы халық шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын Шымкент облыстық балық базасында экономист қызметінен бастаған, «Мухит» кіші кәсіпорынның директоры, «Шымкент балық» АҚ маңындағы «Мухит» кәсіпорынның бас бухгалтері, ОҚО бойынша салық полициясының аса маңызды істері бойынша жедел уәкілі, ОҚО Шымкент қаласы бойынша №2 округі салық комитетінің заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің бас маманы, ОҚО Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің халықаралық салық салу бөлімінің бастығы, ОҚО бойынша салық комитеті құқықтық басқармасының мобильді топты ұйымдастыру бөлімінің бастығы, ОҚО бойынша салық комитеті тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау басқармасының бастығы, Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің арнаулы салық режимі бойынша жұмыс жүргізетін салық төлеушілер аудиті бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің арнаулы салық режимі бойынша жұмыс жүргізетін салық төлеушілерден ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы-бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы бойынша салық басқармасының тіркелмеген салық төлеушілерді және салық салу объектілерін анықтау бөлімінің бастығы, Әл-Фараби ауданы бойынша салық басқармасының тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау бөлімінің мобильді топ бастығы, ОҚО бойынша салық департаменті бейөндірістік төлемдер басқармасының Арнайы салық режимі бөлімінің бастығы, ОҚО бойынша салық департаментінің Төлеби ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы, ОҚО бойынша Мемлекттік кірістер департаментінің Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.