КӘСІПОДАҚ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев «10 қазан – Кәсіподақ қызметкерлері күні» мерекесімен «ЕЛ СТАНДАРТ» ЖШС қызметкерлерін құттықтады. Мерекелік жиында бірқатар қызметкерлер еңбек адамының мүддесін қорғау және кәсіподақ қозғалысын дамытудағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.
Кәсіподақтар бүгінде еңбек адамы-кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек жағдайындағы озбырлыққа жол бермеу, өз мүшелерін әлеуметтік қорғау, әділетті де лайықты жалақы төлеу, оңтайлы еңбек жағдайын жасау арқылы экономикасы нық, даму бағыты айқын азаматтық қоғамды құруда.