Кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы  әрекет ету мәселелері түсіндірілді 

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету  — өзекті мәселелердің бірі және елдегі қабылданып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы кәсіпкерлердің хабардар болуы маңызды.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастыруымен 21 ақпан 2019 жылы кәсіпкерлер арасында жиын өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Жиынның модераторы Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы «Елбасы кәсіпкерлікті қолдауға, бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерге жол бермеуге және елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуде қиындықтар жасалмауы тиіс екеніне көңіл бөліп отырады. Департамент азаматтармен және бизнес-құрылымдарының өкілдерімен тікелей қарым — қатынасқа және кәсіпкерлікті қорғауға ерекше мән беретінін атап өтті.

Кездесуде сөз сөйлеген облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлімі басшысының м.а. А.Ибадуллаев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бағытында жасалып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталып өтті.

Кезегімен сөз сөйлеген Департаменттің басқарма басшысы Н.Кудайбергенов Агенттік бастауымен енгізілген «Protecting Business and Investments» жобасының мақсаттарымен таныстырды.

Жиында әрі қарай ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ж.Момынқұлов кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі мәселелерге тоқталып кетті.

Іс-шара әрі қарай жиынға келген кәсіпкерлер өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Айта кетейік, облыс әкімдігімен кәсіпкерлікке қатысты ұсыныстар мен шағымдар бойынша  арнайы +7 778 555 60 30 What’sApp нөмірі іске қосылған.

 

 

 

113 рет оқылды
  • 40
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *