Көп балалы аналарға арнайы орталық ашылады

Үшінші мегаполистің әкімі Ғ.Әбдірахымов 2018 жылдың есебінде осылай деді. Шаһар басшысының мәліметінше,

Шымкентте 2200 Алтын алқа иегері;

6600 Күміс алқа иегері;

511 Батыр ана;

700-ден аса І және ІІ дәрежелі орденмен марапатталған және

3200 көп балалы ана бар.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, біріншіден, осы көп балалы аналар 1 наурыздан бастап Шымкенттегі қоғамдық көлікте тегін жүре алады, — деді Ғ.Әбдірахымов. — Бұл аналарға әкімдіктің 8 наурызға деген сыйлығы болсын! Жолаушылар көлігі басқармасына осы тапсырманы орындағандары үшін алғыс айтамын. Дегенмен, нарық талабын ескере отырып, көлік компанияларының осы бағыттағы шығындарына субсидия ретінде қаржы бөлеміз.

Екіншіден, Шымкентте көп балалы аналарға арнайы орталық ашылады. Онда тек көп балалы аналар әкімдіктің барлық қызметіне қол жеткізе алады.

Үшіншіден, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға жылына бір берілетін көмек көлемі 25 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін артып, бұл қаржы келесі оқу жылына дайындық үшін тамыз айында беріледі, деді қала әкімі.

Бұған қоса жекеменшік үйлерге газ тарағанда дабыл беретін арнайы 1000 құрал әкімдік тарапынан орнатылмақ.

 

125 рет оқылды
  • 33
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *