«Jas Otan» төрағасы Елнұр Бейсенбаев шымкенттік жастармен кездесті

Jas Otan жұмыс сапарын еліміздің оңтүстігінде жалғастыруда.

«Jas Otan» төрағасы Елнұр Бейсенбаев Шымкент қаласындағы іссапар барысында, «Айна» базарында орналасқан консалтинг-орталықтың жұмысымен танысып, базардағы жастармен әңгімелесті.

Жастарға қазіргі таңда жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасына ұсыныстар жиналды.

Сонымен қатар, жастар қанатының Төрағасы шымкенттік жасотандықтармен кездесті. Жастар қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары және алдағы жоспарлары жайлы баяндады.