IT CAMP ЖАС БАҒДАРЛАМАШЫЛАР ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен IT CAMP жас бағдарламашылар жобасы аясында оқыту сабақтарына қатысқан белсенді жастарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жобаның мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің IT саласына қызығушылығын арттыру. Жастар арасында отандық және жергілікті ІТ өнімдерін, жаңа компаниялар мен мамандарды даярлауға ықпал ету.

Аталмыш жоба аясында PYTHON бағдарламасы арқылы жастарға модельдеу, бағдарламалау, смартфондарға арналған мобильдік қосымшаларды іске қосу мен сайт ашу бойынша 200 жасқа ZOOM платформасы арқылы тәжірибелік сабақтар ұйымластырылды.

Оқыту сабақтарында өзіндік белсенділігімен іріктеліп, топ жарған белсенді жастар қаржылай сыйақымен марапатталды.

Марапаттау рәсіміне Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, орталық басшысы Айтбаев Ерлан Садырбайұлы және жас бағдарламашылар қатысты.

Оқыту нәтижесі бойынша қазақ тобы:
1-орын: Әнуаров Нұрбақыт
2-орын: Рысбеков Дайырбек
3-орын: Сағиев Есімхан

Орыс тобы бойынша:
1-орын: Құрбанбай Бөрте
2-орын: Алтай Ален
3-орын: Исаев Нариман иеленіп, Ирисматова Фарангиз «Үздік қатысушы» деп танылды.

Марапаттау рәсімі барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақтай отырып жасалынды.