Халықпен ашық диалогты жалғастыру керек

Бүгін Елордада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII Съезіне Шымкент қаласынын барған 60 делегаттың қатарында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары да қатысып отыр. Осы орайда Шымкент қаласы мәслихатының депутат Нұрғазы Бұхарбаев Тәуелсіздік сарайынан дәл қазір қысқаша пікірін білдірді.

– Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы «2019-2021 жылдарға әлеуметтік әлеуетті көтеру үшір 980 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл қаржы көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларды қолдау үшін жүргізіледі. Әр балаға арнаулы атаулы 21 мың теңгеден қаржы беріледі. Бұл өз кезегінде әлеуметтік қолдаудың кезек күттірмейтін мәселелерін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Көп балалы аналар мен балалар үнемі мемлекеттің қорғауында болады» деді. Бұл ең жақсы қолдау! Елбасы көпбалалы аналарға жағдай жасау мәселесіне байланысты халықтың сұрауы мен ұсынысын мұқият қарап, өте тиянақты шешім қабылдады.
Халықпен ашық диалогты дәл осы сарында жалғастыру керек. «Нұр отан» патриясы ең басты қоғамдық бақылаушы болуды бұдан әрі жандандыра түсуін қолдаймын.

 

автор:  Ақмарал Молдиярқызы

 

209 рет оқылды
  • 77
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *