ХҚО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртібі жеңілдетілді

Бұл үрдіс «бір терезе» қағидаты бойынша пилоттық тәртіпте жүзеге асуда.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процесін жеңілдетті, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді ЭЦҚ алу үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (pki.gov.kz) порталы арқылы алдын-ала өтінім беріп, жеке тұлғаны растау үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бірден ХҚО-ға келіп, электрондық кезек талонымен маманға тікелей жүгінсе, оператор барлық қажетті өтінімдер мен операцияларды өзі орындайды. Барлық процесске шамамен 5 минут уақыт кетеді.

Қызмет алушы өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат пен usb тасымалдаушыны әкелуі тиіс.

Ал заңды тұлғалар ЭЦҚ-ны жеңілдетілген үрдіспен қазан айының соңында ала бастайды.

Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офистері арқылы биылғы жылдың 8 айында  4,5 миллионға жуық ЭЦҚ берілді.

 

 

 

129 рет оқылды
  • 2
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *