Грант көп бөлінген мамандықтар тізімі жарияланды

2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерді даярлауға 12 504 грант, PhD докторларын даярлауға 2 240 грант бөлінген, деп хабарлайды oninfo.kz sputniknews-ке сілтеме жасап.

Мемлекет тарапынан техникалық мамандықтарға көп грант бөлінгендігін атап өткен жөн. Оның ішінде, «Техникалық ғылымдар мен технологиялар» бағыты бойынша алты мың грант бөлінген. «Білім беру» саласына – 8 мың грант.

Сонымен бірге, грант көп бөлінген мамандықтар қатарында: «Денсаулық сақтау» (2 500), «Жаратылыстану ғылымдары» (3 161), «Ауыл шаруашылығы» (2 мыңдай), «Әлеуметтік ғылымдар»(1495), «Гуманитарлық ғылымдар» (1355).

Мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.

1 508 рет оқылды
  • 3
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *