Геннадий Головкин: Маған бокс қызық болмай барады

GGG-дің мексикалық Сауль Альвареспен реваншы «Канелоның» допинг-тестен өте алмауына байланысты тоқтатылған болатын.

Орта салмақта WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин баспасөз конференциясында соңғы кездері рингке жиі шыға алмай жүргеніне қапалы екенін айтты, деп жазды Sports.kz.

5 мамырға белгілеген GGG-дің мексикалық Сауль Альвареспен реваншы «Канелоның» допинг-тестен өте алмауына байланысты тоқтатылды, қазір Геннадийдің командасы осы күнге басқа қарсылас іздеп жатыр.

«Әрине, бұрынғыдай жылына 3-4 жекпе-жек өткізгім келеді. Қазіргі жағдай мен үшін сұмдық. Маған бокс қызық болмай барады. Біз 5 мамыр, ең маңызды датадағы жекпе-жектен (Альвареспен) айырылып қалдық. Енді ешкім менімен жұдырықтасқысы келмейді. Әлі қимылым ширақ, өзімді жақсы сезінемін. Спорттың бұл түрін жақсы көремін. Келесі жекпе-жек ондай маңызды болмауы мүмкін, алайда бұл қалай дегенде де жекпе-жек. Жекпе-жек өткізгенді жақсы көремін», — деді Геннадий Головкин.

Дерек көзі:sputniknews.kz

373 рет оқылды
  • 37
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *