Газдандыру жұмысы қарқын алды

Тоғыз жолдың торабында орналасқан теміржолшылар қаласына көптен күткен газ келеді. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы басталған. 2025 жылға қарай Түркістан облысы Арыс ауданы тұрғындарының 95 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады. Елді мекенге көгілдір отынды жеткізуді «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» газ құбырының тармағы қамтамасыз етеді. Магистралді салу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттама былтыр әзірленген. Бұл туралы 24.kz порталы жазды. Оған облыстық бюджеттен 88 миллион теңге бөлінді. Ауданды газдандыру үрдісі үш кезеңнен тұрады, бірінші кезеңі басталып кетті. Арыс ауданында тұратын халықтың жалпы саны – 75000 адам, соның 50000-ы аудан орталығында тұрады.

«Биылғы жылы бір жарым млрд теңге бөлінді. Осы ақшаның есебінен жұмыстар атқарылып отыр. Мердігерлер кестеге сәйкес жұмыс істейді және мерзімінде салып аяқтауда. Арыс ауданында 32 елді мекен бар. Солардың 25-інің тұрғындарын 2025 жылға дейін газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. 2020 жылға қарай аудан орталығын 95 пайыз газдандыру жоспарланып отыр», — дейді Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек.

31 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *