Есірткі дайындаумен айналысқан Жетісайлық жат ағым өкіліне қатысты сот үкімі шықты

Деструктивті салафи ағым жақтаушысы Танирбергенов Абдыхалық Қадырбайұлына ҚР ҚК-нің 296 бабы 3 тармагы жане 380 бап 2 тармағы бойынша Түркістан облысы Жетісай аудандық сотымен 1 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығын шектеу жазасы және 90 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды. Іс материалдарына сәйкес Танирбергенов ірі мөлшердегі есiрткi заттарды дайындап сақтауды діни амалдарды орындайтын бөлмеде жүзеге асырғаны белгілі болды. Бұны сотталған азамат ұстанатын «діни» ағымының аталған әрекеттерге жол беретіндігмен түсіндірді.

  • 3
    Поделились