ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Nur Otan» партиясы қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық қабылдауда тұрғындар көтерген негізгі мәселелердің бірі әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау мен білім саласының жайын жақсарту, әлеуметтік және идеологияны дамыту бағытындағы жобалар және тұрғын үй бағдарламаларына қатысты болды.

Қала басшысы тұрғындарды толғандыратын мәселелер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, азаматтардың өтініштері қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатынын айтты. Сонымен қатар, шаһар басшысы азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек пен тұрғын үй бағдарламаларына қатысудың мән-жайын түсіндірді.