ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысы аумағындағы энергетикалық кәсіпорындары кейінгі жылдары үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша электр стансaларының қуатын арттыру, ұлттық және өңірлік электр тораптарын дамыту, электр желілері мен жабдықтарды жөндеу және пайдалануды жүзеге асыру міндеттерін қолға алып отыр.
ҚР Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті облыстағы электр желілерінің жөндеу жұмыстарын бақылауға алып отыр. Қазіргі таңға дейін, облыс аумағында 110 кВ ауе желілерінің жалпы ұзындығы 125,042 км-не жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 35 кВ әуе желісі 238,251 км, 6-10 кВ әуе желісінің 245,905 км, 0,4 кВ әуе желісінің 432,937 км-не жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары 35 қосалқы станцияларға және 205 КТП-10/0,4 кВ-ға жүргізілді.