Елбасының бүгінгі халыққа жолдауында Қазақстанның әл-ауқатының өсуі

Президент Н. Назарбаевтың бүгінгі халыққа жолдауында Қазақстанның әл-ауқатының өсуі. Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру мәселесі қозғалды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бүгінгі күнге дейін көптеген бағдарламалар жүзеге асқан болатын. «Ұлт болашағы – келер ұрпақ» десек, Елбасының білім саласына көңіл бөліп отырғаны ерекше қуантады. Мектепке дейінгі білім саласындағы тәрбиешілердің айлығын көтеру, «Ұстаздар қауымының мәртебесін көтеру туралы» Заң қабылдау, орта білім беретін мектептерде «Назарбаев интеллектуалдық мектебінің» әдістемелік оқытуын енгізу, барлық мектептер мен балабақшаларға толықтай бейнебақылау камераларын орнату секілді бірқатар міндеттемелер жүктеді. Осы орайда Білім жән ғылым министрлігі тынбай еңбек етеді деп сенеміз.

 

Нұрлан Кұралов, кәсіпкер, «Аманкелді» ЖШС компаниясының директоры.

225 рет оқылды
  • 10
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *