Елбасы сөздері қоғамның дамуына жаңа серпін береді

«Нұр Отан» партиясының XVIII съезіне қатысқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзін мұқият тыңдап, елімізде болатын төмендегідей маңызды өзгерістерді күтуге болады:

— Елдегі көппартиялық жүйе толықтай қалыптасқандығын көре отырмыз, ал «Нұр Отан»партиясы осы ұйымдардың қатарында әрі қарайда көшбасшылық ролді атқарып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалайтын жалпы қоғамдық бақылаушыға айналады.

— Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде әлеуметтік салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды, бұл өз кезегінде серпінді әлеуметтік-экономикалық жұмыстарды жаңа көзқараста жасауға мүмкіндік туғызады.

— Президенттің ойлары кәсіптік білім беру және жұмыспен қамту, тұрғын үй және отбасы, денсаулық сақтау және демалыс уақытын өткізу, тәрбие беру және отансүйгіштікке байланысты өзекті мәселелерге бағытталған. Осы орайда айта кететін бір мәселе моно қалалар мен шағын кенттерді дамытуға бөлінетін жыл сайынғы 10 млрд теңге арқылы біз жұмыссыздықты жойып қана қоймай, үлкен қалаларға жұмыссыз ауыл тұрғындарының ағылуын бәсеңдетіп, жергілікті жерлердің негізгі мәселелері шешілетін болады. Бұл мәселені шешу үшін бизнес-қоғамдастықтар өз ауылдарын түлетуге белесене қатысуы қажет. Жастардың әлеуметтік бастамалары мен ұмтылыстарының жүзеге асырылуына жәрдемдесу оларға тек жақсы қасиеттер ғана емес, сонымен бірге қазақстандық қоғамның дамуына жаңа серпін береді.

— Мемлекет басшысы жариялаған жағымды жаңалықтардың қатарында биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап төмен жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға артатындығы болды. Оған қоса аудан, облыс деңгейлеріндегі атқарушы органдарда тұрғындармен тікелей жұмыс жүргізетін қызметкерлердің жалақысы орташа есеппен 25 пайызға артпақ. Яғни әлеуметтік сапалы тұрмыстың жағдайы артқан сайын, сапалы жұмыстың да маңызы арта түседі. Енді айлықтары түзелген мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін болады.

— «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрмыс жағдайы төмен көпбалалылар санатындағы отбасыларға арналған 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлер салынатын болды. Бұл мақсатқа алдағы жеті жылда жыл сайын 50 млрд. теңге қаржы бағытталмақ яғни 7 жылдың көлемінде тұрғын үй тапшылығын түбегейлі болмаса да біршама шешіп, жалдамалы пәтерде тұратын көпбалалы отбасылар мен жас отбасылардың болашағы нығайатынын сенімді түрде айтуға болады. Ал жекеменшік үй салатын компаниялар жаңадан салған үйлердің бағасын төмендетуге мәжбүр болады. Екінші бір фактор, құрылыс компаниялары кішігірім өзгерістерге бола өздерінің табыстарын жоғалтқысы келмейді.

 

Сәрсенов Хайрулла,

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.

84 рет оқылды
  • 4
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *