Елбасы мақаласы санаға сілкініс әкеледі

–Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын үлкен қызғушылықпен оқып шықтым.  Осы орайда, «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасына басымдық бергені ұнады. Сондай-ақ осы  жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мəдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық жəне шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі əрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мəн беру керектігі айтылды.

Сонымен қатар, Елбасымыздың қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс дегені өте  дұрыс шешім деп ойлаймын.

Айта кетейік, тағы да қозғалған маңызды мәселенің бірі –  архив деректерін  жинақтамай, оны цифрлық форматқа көшіру. Жақында ғана облыс мәртебесіне ие болған Түркістан облысы цифрлық форматқа көшу жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Түркістан облысы бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім.  Бұл дегеніміз – өте қуантарлық жайт.  Сондай-ақ мақалада мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды екенін жеткізді. Мұның барлығы еліміздегі «Мәдени мұра» бағдарламасына сүбелі үлес қосары анық.

 

Өмірзақ МЕДЕЛХАНОВ, Түркістан аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы:

 

63 рет оқылды
  • 6
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *