ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Шымкент қалалық Nur Otan филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Нұрғазы Бұхарбай қала тұрғындарын қабылдады.

Кездесу барысында Н.Бұхарбаев бірден сұрақ-жауапқа көшіп, округ тұрғындарынан бiрталай мәселенiң анық-қанығын білді. Сәуле ықшам ауданынан келген бір топ көп балалы аналар пәтер мәселесін көтерді. Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі бұл мәселеге байланысты әкімдік арнайы комиссия құрғанын жеткізді.

Кездесу соңында барлық мәселе бойынша жауапты мекемелерге сауал жолданып, оң шешілуіне ықпал жасайтынын жеткізді.