Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Қуанышбеков, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігінің басқарма басшылары қоғамдық қабылдау өткізді.

Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – ол, азаматтар мен мемлекеттік органдардың арасындағы байланысты жақсарту, азаматтардың әртүрлі сала бойынша шешімін таппай жатқан мәселелерін құзырлы органдар өкілдерінің қатысуында қарау, азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, жою болып табылады.

Қоғамдық қабылдауға келген азамат А.Алпысовтың жер қатынастарына қатысты мәселесі тиісті басқарма өкілдерінің қатысуында өз шешімін тапса, А.Артықбаеваның Шымкент қаласының №2 жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлеріне қатысты шағымы Департаментпен қаралатын болды.
Сондай-ақ, қабылдауда болған азамат Т.Құдайбергеннің жұмысқа орналасу бойынша мәселесі қабылдауға келген қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі арқылы өз шешімін табатын болды.

Ал, М.Сагимбеков пен Ф.Мырзабекованың коммуналдық қызметтерге қатысты шағымдары «Нұр Отан» париясында коммуналдық саладағы жауапты мамандардың қатысуымен қаралатын болды.

 

70 рет оқылды
  • 18
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *