Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қатаң ескерту болатынын жеткізді

Бүгін өткен әдеп жөніндегі кеңес отырысында бірқатар мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершіліктері қаралды. Жиында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ә.Әбдрахановтың және Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевтің есептері тыңдалды.

Белгілі болғандай Ә.Әбдраханов ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы Департаменті жолдаған нұсқаулықты орындамаған.  Әдеп жөніндегі кеңес  кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысына «ауызша» ескерту берді.

 

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында жеке тұлғалардың өтініштеріне толық жауап бермеген, қоғам тарапынан айтылатын сынға себепші болған Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімінің орынбасары Н.Тілештің мәселесі қаралып, оған бірауыздан сөгіс жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу талаптарын сақтамаған білім басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Нысановтың, әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде заңнама талаптарының басшылыққа алмаған және Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Ю.Петуховтың деректері талқыға түсіп, нәтижесімен бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік қызметшілерді тиісті тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешімдер қабылданады.

 

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері отырысқа қатысушыларға мемлекеттік қызметші атқару үшін алынған өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде ол жөнінде мемлекеттік қызметші өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс екендігі, мемлекеттік қызметшінің құқыққа сыйымсыз өкімді орындауының салдарлары үшін осы өкімді растаған басшы жауапты болатыны түсіндірілді.

Оған қоса, мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асыратыны, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге тиіс екендігі Әдеп кодексінің талаптарында белгіленгені атап өтіліп, құқық бұзушылықтарға жол берген қызметшілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

192 рет оқылды
  • 20
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *