Делдалсыз мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында көлік жүргізушілері үшін «Тегін қызметке ақы төлеме!» акциясы ұйымдастырылды.

Тұрғындар арасында өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараны мемлекеттік корпорация қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, Полиция департаментінің өкілдері, Прокуратура және «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірге өткізді. Шара барысында ұйымдастырушылар азаматтарға құжаттарды делдалдардың көмегінсіз рәсімдеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Барлық азаматқа ауызша кеңеспен қатар мемлекеттік қызметтерді онлайн алу жолдары көрсетілген үнпарақтар таратылды.

Шымкент қаласында үш жыл бұрын ашылған мамандандырылған ХҚО  мемлекеттік қызметтерді стандартқа сай көрсетуде. Мұнда күн сайын 200-ге жуық жүргізуші куәлігі беріліп, 1000-нан астам көлік құралы тіркеледі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бері азаматтар онлайн түрде жүргізуші куәлігін алмастырып, электронды үкімет порталы арқылы автокөлікті қайта тіркей алатын болған. Бұл көлік жүргізушілерінің уақытын айтарлықтай үнемдейді және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігі жоғалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директор орынбасары Жомарт Умбеталиевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және делдалдармен күресуге көмектеседі.

«Қызметті онлай режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, өтінімді толтырып,  жеке электронды цифрлық қолтанбамен (ЭЦҚ) қол қойса жеткілікті. Өтінімге фотосурет және қолтаңбаның сканерленген суреті қоса жүктеледі. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғаны туралы хабарлама келгеннен кейін (мобильді азаматтар базасына тіркелгеннен кейін SMS-хабарлама жолданады) мамандандырылған ХҚО-ға барып тек дайын жүргізуші куәлігін алып кетеді. Айта кетейін, жыл басынан бері қала бойынша 80 астам автокөлік онлайн тәсілмен тіркелген, 20 жуық жүргізуші куәлігі берілді. Бұл көрсеткіштің айтарлықтай өсетінін болжап отырмыз, өйткені алтын уақытын сарп етпей, ХҚО-ға бармай-ақ қарапайым және ыңғайлы шешімдерді таңдайтын азаматтарымыздың саны көбейіп келеді», – деп атап өтті Жомарт Умбеталиев.

Анықтамалық: Шымкент қаласында мамандандырылған ХҚО автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Осы мамандандырылған ХҚО арқылы 2018 жылы азаматтарға автокөлікті қайта тіркеу бойынша 200 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, 45 мыңға жуық  жүргізуші куәлігі берілді.  (Жылдың басынан 30 мыңнан аса  автокөлікт қайта тіркеліп, 5 мыңға жуық  жүргізуші куәлігі берілді)

 

 

73 рет оқылды
  • 8
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *