Дархан Сатыбалды Өзбекстан стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының директорымен кездесті

2019 жылы 22 мамырда Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының (СӨЗИ) директоры Эльдор Ариповпен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында Қазақстан — Өзбек ынтымақтастығын дамыту және Орталық Азиядағы өңірлік өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары қаралды.
Екі ел арасында өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу, пікір алмасу мақсатында сараптамалық құрылымдар арасындағы байланыстарды жандандырудың маңыздылығы жеке атап өтілді.

Бұл тұрғыда Э.Арипов екіжақты және көпжақты формат негізінде аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының өзекті мәселелері бойынша бірлескен жобалар мен іс-шараларды ұйымдастыруға дайындығын атап өтті.

Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі 2020 жылдың соңына қарай мемлекет басшылары қойған 5 миллиардтық тауар айналымына қол жеткізу жөніндегі міндеттерді бірлесіп іске асыру үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу қажеттілігіне назар аударды.

Д. Сатыбалды еліміздің негізгі бағдарламалық құжаттары, сондай-ақ Қазақстандағы соңғы ішкі саяси өзгерістер, соның ішінде ү.ж. 9 маусымда ҚР Президентінің сайлауына дайындық жұмыстарының барысы туралы қысқаша айтып берді.

Әңгіме соңында Елшілік пен институт арасында келешектегі тығыз қарым-қатынас туралы келісімге қол жеткізілді.

180 рет оқылды