Чемпиондар лигасы жалғасады. Болжам жасаған кімдер?

Бүгін түнгі сағат 01.45-те чемпиондар лигасының 1/8 финалдық матчтары өтеді. Туриндік «Ювентус» өз алаңында «Тоттенхэмді» қабылдаса, «Базельге» қонаққа «Манчестер Сити» барады.

«Ювентус» соңғы үш жылда екі рет финалда ойнап, жеңілді.  Бүгінгі ойында тактикалық соқтығыстар болады. Почеттино үнемі бір схема бойынша ойнайды. Қулығы басым Аллегри бұл ойында жеңеді деп ойлайды көпшілік. «Тоттенхэм» топтық ойында мүлдем жеңілмеді.

Ал, Пеп Гвардиола болса алғашқы ойында-ақ келесі айналымға шығуды көздейді.

Facebook әлеуметтік желісіндегі бірқатар футбол сүйер қауым бұл ойындарға өз болжамдарын жасады.

Болжам төмендегідей:

Ақан Серікұлы, Ювентус 1-2 Тоттенхэм, Базель 1-3 Ман.Сити.

Нұртілеу Кәкенұлы, Юве 2-2Тоттенхэм, Базелт 1-3 Ман.Сити.

Реалдың жанкүйері Кенжебек Оңалбекұлы, Юве 2-1 Тоттенхэм, Базель0-4 Ман.Сити.  Ювентус сары қағаздар 5 тен көп. Базельден ойыншы қуылуы мүмкін + пенальти.

Орынбасар Оңалбекұлы, Ювентус 1-1 Тоттенхэм, Базель 0-2 Манчестер Сити.

Ювентус фанаты Нұрлан Бектаев 2:1 есебімен туриндік команда жеңеді деп сенімді айтты. Барселона фанаты Мадина Сарбалаева болса, Базель 1-3 Манчестер Сити. Юве 2:1 Тоттенхем деген болжам жасады.

Айдос Усіпалиев: Бүгінгі болатын Ювентус-Тоттенхэм өтте тартысқа толы ойын болады деп ойлаймын. Ювентустың біршама ойыншылары жарақаттанған болса да, өз жерінде жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Игуаин мен Бернардеский жұбы 2 гол салып Буффон қақпаға доп дарытпай , құрғақ ұстайды деген ойдамын.

Жане осы ойынмен қатар болатын Базель — Манчестер Сити матчын болжау қиын, себебі Базель біраз уақыт қысқы демалыста болды және қысқы трансфердегі өзгерістерге байланысты ойыны өзгеруі мүмкін. Жалпы Базель ағылшын командаларына соңғы ойындарда жеңілмей жүр. Ланг пен Оберлин жабылып 1 гол салса Ман.Сити ойыншыларыда қарап қалмай кемінде 1 гол соғады. Яғни есеп 1:1 деп болжаймын.

Ғабит Сапарбеков Юве 2:0 Тоттенхэм. Базель 1:3 Ман.Сити.

Тараздық Табиғат Абаилдаев : Юве — Шпор 2:0, Базель-Сити 0:4 деп, нүкте қойды. Ендеше ойынды күтейік.

 

 

 

615 рет оқылды
  • 97
    Поделились

Чемпиондар лигасы жалғасады. Болжам жасаған кімдер?: 2 комментария

  • 13.02.2018 в 20:32
    Permalink

    Базель — Манчестер Сити. Есеп 2:3. Бұрыштама добы бойынша Базель (+5,5). Сары қағаздар — МС-ның жеңісі (-1,5) форамен.

    Ювентус — Тоттенхэм. Есеп 2:0. Бұрыштама добы бойынша Ювентус (+6,5). Сары қағаздар, матчқа (+3,5).

  • 13.02.2018 в 20:53
    Permalink

    Реал Мадрид — ПСЖ. Есеп 3:1. Бұрышта добы бойынша ПСЖ (+5,5). Сары қағаздар ПСЖ (+2,5). Пенальти болады.

    Порту — Ливерпуль. Есеп 2:1. Бұрыштама добы бойынша Ливерпульдің жеңісі (-2,5) форамен. Сары қағаздар Портдың жеңісіу (-1) форамен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *