Cайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында«Аманат» азаматтық алаңы құрылды

Cайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында«Аманат» азаматтық алаңы (платформасы) құрылды.

Бірінші отырыс 2019 жылы 22 сәуірде Нұр-сұлтан қаласында өткізілді.

Осы кездесуде «Аманат» азаматтық тұғырнамасын құру туралы бастама көтеріліп, алдағы сайлауға қоғам қалай мониторинг жүргізе алатындай ұсыныстар жинау жарияланды.

Қоғамдық штаб құрылды. Бүгінгі күні мүдделі азаматтар мен сарапшылардың 250-ден астам ұсынысы келіп түсті, неғұрлым өзекті мәселелер іріктеліп алынды және қоғамнан не күтетіні анықталды.

Осының негізінде сайлау үшін қажетті жағдайлар жасаудың 5 негізгі бағытын қамтитын тұжырымдама әзірленді:

1. САЙЛАУДЫ ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Бұл бағыт дайындық кезеңінің қоғамдық мониторингін білдіреді. Ең жақсы дайындық-сайлаудық ашық болуы. Әрбір азаматтың сайлауға қатысуға құқығы болуы тиіс. Жаңартылған тізімдер дайын ба, олар қаншалықты өзекті?

Үміткерлердің тәжірибесі, ресурстары, танымалдылығы мен қолдауы әртүрлі. Оларға теңдей жағдай жасалына ма? БАҚ барлығына бірдей алаң береді ме?

2.  САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ ХАБАРДАР БОЛУЫ

Сайлаушылардың құқықтық процедуралары, сайлау кезеңдері мен мерзімдері туралы ақпараттандыруды қарастыратын ең маңызды бағыттардың бірі. Олар қандай да бір кандидатты қалай қолдай алады? Оның бағдарламасы туралы ақпаратты қалай табуға болады? Құқықтары бұзылға ол туралы қайда, қалай хабарлауға болады. Онлайн заңгерлік кеңес беру қызметін құру. Алғаш рет дауыс беретін жас сайлаушыларды оқыту.

 

3. АДАЛДЫҚ

Қазақстанның барлық өңірлерінде, әрбір сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылау желісін құру. Бақылаушыларды халықаралық ұйымдардың стандарттары бойынша оқыту. Жедел ақпарат алмасу желісін құру. Бұзушылық фактілеріне ден қою. Ол үшін ОСК-мен, Бас прокуратурамен , сотпен , жергілікті органдармен, сайлау комиссияларымен үміткерлердің штабтарымен ынтымақтастық орнату.

4.  АШЫҚТЫҚ

Азаматтар, журналистер, сарапшылар, ғалымдар арасындағы сайлау бойынша барынша ашық және объективті ақпарат пен пікір алмасу. Тәуелсіз диалог платформалары мен пікірталас алаңдарын құру. Түрлі көзқарастарды білдіретін сарапшыларды, қоғамдық пікір көшбасшыларын талқылауға тарту. Оның ішінде онлайн түрін де пайдалануға болады.

5. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Бұл бағыт құрмет пен сенім қағидаттарында мемлекет пен қоғамның тең ынтымақтастығын қамтамасыз етуі тиіс. Сайлау процесінің ең өзекті мәселелерін анықтау. Азаматтар сайлаудан не күтеді?

Сайлаушылар үміткерлерге өз талаптарын, үміттерін және өтініштерін жеткізе алатындай ақпарат алмасу арналарын құру бұл — АМАНАТ!

Оcы 5 негізгі бағытта алдағы сайлауға мониторинг жүргізу бойынша «АМАНАТ» азаматтық тұғырнамасы қалыптастырылды.

#Amanat #Аманат

saigez.kz

 

75 рет оқылды