BIRGE акциясы — халықпен бірге!

Бүгіннен бастап еліміздің барлық аймағында «BIRGE» жалпыұлттық акциясы бастау алды. Акция аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел халқының ұсыныстары мен тілектерін өзінің сенімді өкілдері арқылы жинайды.

Кентау қаласындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері акцияның жоғары деңгейде өтуіне атсалысуда. Қала тұрғындарына парақшалар таратып, таратылған парақшаларға ұсыныс-пікірлер жазылып, жәшікке салынды.

Сонымен қатар Кентау қаласында қоғамдық штаб өкілдері білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Ш.Қалдаяқов атындағы кездесуде алғы сөзді алған Кентау қалалық штабтың төрағасы Сағынбек Асылбеков баяндама жасап, Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Жиында «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған кандидатты қолдауға келген ел ағалары Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел үшін атқарып жатқан еңбектеріне тоқталды. Алдағы 9-маусым күні өтетін сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырды. Тоқаевты таңдаған әр адам, Сабақтастық, Әділдік пен Өрлеуді таңдайды.
#ТоқаеV #БіздіңКандидат #Игілікбаршаға

176 рет оқылды