Банктер «7-20-25» бойынша ипотеканы бермейді. Неге?

«7-20-25» бағдарламасы бойынша құжат ұсынған талай қазақтың тауы шағылып жатыр.

Оның басты себебі – баспана алудан үміткерлер өз табыстарын растай алмайды екен.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті.

Сенатор Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, кей банктер ипотекадан дәмелі адамдардың бес жылға дейінгі несие тарихын зерттейді.

«Біреу 30 мыңға тоңазытқыш алып, оның 3 мың теңгесін дер кезінде төлемесе, бітті – ол несие тарихы жаман адамдардың базасына енгзіледі. Сол себепті көптеген азаматтар «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана ала алмай отыр», – деген сауалды қойды депутат.

Ал Смоляков болса, банктер үшін несие тарихы соншалықты маңызды емес депті.

«Біз банктердің ипотека беруден не себепті жиі бас тартатынын тексердік. Ең басты себебі – ипотека алуға келгендердің өз табыстарын растап бере алмауы. Тіпті ең минималды табысты да растай алмайды. Банктер сол себепті оларға несие бермейді», – деді Смоляков.

Инвестиция және даму министрлігінің дерегінше, ипотекалық баспана алуға 4,6 миллион қазақстандық қана үміткер бола алады.

  • Еліміздегі 18,3 миллион адамның ішіндегі 13,7 миллион адамның шектеуі бар,
  • 3,5 миллион адамның басында несие бар,
  • 15 жасқа дейінгі балалар — 5,3 миллион,
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,1 миллион,
  • зейнеткерлер — 2,1 миллион,
  • 250 мың адам алған несиесін мерзімінде өтей алмай жүр,
  • тағы 500 мың адам – студенттер.

Міне, жағдайымыз шамамен осындай», – деп түсіндіріпті министрліктің құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

 

Дерек көздер:

tengrinews.kz

365info.kz

 

205 рет оқылды
  • 22
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *