БАЛАЛАР ҮЙІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін, ZOOM платформасы арқылы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жетімдіктің проблемаларын шешу жолдары талқыланды.

Онлайн кездесу барысында комиссия мүшелері бірақатар өзекті мәселерді ортаға салды. Атап айтқанда, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға тәлім-тәрбие беретін мекеме жұмысын мейлінше ашық етуге және балалардың құқығын қорғауға мүмкіндік беретін жағдай жасау жолдары қарастырылды.

Қазіргі таңда түйткілді мәселе болып тұрғаны сол, ата-анасынан айрылып, мекемеде тәрбиеленген балалардың мектептен кейінгі өмірін ешкім қадағаламайды. Әр бала өзінің мектептен кейін қайда баратынын ойлап, алаңдайды, қорқынышпен өмір сүреді. Ал, осы жүйе басынан аяғына дейін дұрыс жолға қойылса, толық отбасыда тәрбие алған балалар мен мекемелерде тәрбиеленген балалардың арасы алшақтамайтын еді.

Бүгінде қаламызда «Бақытты отбасы» жобасы аясында бірқатар тындырымды тірліктер атқарылып келеді. Жобаның мақсаты да — көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасыларды қолдап, барынша көмек көрсету.