БАЛА — БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!

Шымкент қаласының білім басқармасы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы бала құқығын қорғау уәкілеттігі мен ACMEINSTITUT-пен  Шымкент қаласының әкімдігі бірлесіп арнайы жобамен жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы жылдары  кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықты балалар саны артып, соңы  өзі-өзіне қол жұмсауға, түрлі тосын оқиғаларға апарып жатқаны жасырын емес. Бұл тақырып жергілікті биліктің назарынан да  тыс қалмаған.  Өкінішті жайттарды болдырмау мақсатында алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, қауіп тобындағы балаларды дер кезінде анықтап, психологиялық емдеу жұмыстарын жүргізу, балаларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру.

Ресей Федерациясы қоғамдық палатасында «Определение трудностей социальной адаптации и факторов риска детей посредством психодиагностики» тақырыбында өткен семинарға Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қалыбайқызы Текебаева және бас маман Аширбек Абытұлы Адеев қатысты.