БАЙТАСОВТЫҢ БАЙТАҚ ӘЛЕМІ

             Өткен жұмада, Шымкенттегі А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Орта Азияда тұңғыш тәуелсіз басылым – «Жібек жолы» журналының негізін қалаушы, жалынды журналист, тәуелсіздіктің елең алаңында ұлттың санасына серпіліс әкелген үлкен тұлға Төрекелді Байтасовқа арналған «Байтасовтың байтақ әлемі» атты арнайы бұрышы ашылды.

Мұнда белгілі баспагердің көзі тірісінде шығарған 500-ге жуық кітабы, өзі қолданған жазу машинкасы қойылды.

Шығармашылық кеште бірге қызмет атқарған әріптестері, зиялы қауым өкілдері, курстастары Төрекелді Серікбайұлы жайында естеліктермен ой бөлісті.

«Төрекелдінің жаны өте нәзік жігіт еді. Ол білімге құштар еді. Оқысам деп, білсем деп әруақытта айналасына үлкен көзқараспен қарайтын», — деп еске алды халықаралық «алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт.

Оның курстастары Қонысбай Әбіл, Жәнібек Кәрменов, Нұртілеу Иманғалиұлы, Батық Мәжитұлы, Серік Жанәбіл, Қуандық Түменбай, Мылтықбай Ерімбетов, Сайлаубай Тойлыбай,  Жүніс Сахи, Серікқали Байменше, Жанұзақ Аязбек, Сейтқұл Оспанов, Жеңіс Баһадүр, Сейдолла Садықов, Ораз Қауғабай, Әбдімүтәл Әлібеков, Орынбек Жолдыбай, Бекен Шоланов, Марат Әбдіхалықов, Тоқтар Баймағамбетов, Ораз Қауғабай, Рахымжан Өтемісов, т.б. қаламының желі бар жігіттер болды. Қазір бұлардың көбінің есімі елге белгілі.

Төрегелді Байтасов студенттік шағында Шоқан Уәлихановтың суретшілік өнерін зерттеген. Аздап сурет те салған. Ол дипломдық жұмысын да дәл осы Шоқан жайлы байланыстырып жазған. Спортты да жанына серік еткен Төкең, бокспен шұғылданған. Ол кімге де болса ашық көңілмен, бүкпесіз ақ ниетпен тіке қарайтын.

Төрекелді Серікбайұлы 90-жылдардың басында Шымкентте «Жібек жолы» журналын ашып, онда кең көлемде проблемалық мақалалар жариялап отырды.

Рухани кеште тау тұлғалы азаматтың  шығармашылығы мен өмір жолы жайында деректі фильм көрсетіліп, өлеңдері мен әңгімелерін оқушылар нақышына келтіріп орындады.

Естуімізше «Жібек жолы» журналын әлі күнге дейін іздейтіндер бар екен. Міне, бұл журналдың ашықтығы, шынайылығы көпке ұнағаны соншалық, іздейтіндер әлі де бар.

Төрекелді Байтасов тірі болғанда биыл пайғамбар жасына толар еді.

234 рет оқылды
  • 11
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.