Бақытжан «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

Шымкентте өрттен екі баланы құтқарып қалған жасөспірімді қаланың бас полицейі қабылдады. Полиция департаментінің бастығы 13 жастағы Бақытжан Беркімбаевты ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі inform.kz порталына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің бастығы Ералы  Жұмаханбетов батыр бала Бақытжанның ата-анасына да «Адам өмірін құтқаруда ерлік жасаған баласына үлгілі әрі өнегелі тәрбие бергені үшін» Алғыс хатын табыстады. Кездесу барысында департамент бастығы өзінің және жеке құрамның атынан тәрбие берген ата-анасына және ұстаздарына алғыс білдіріп, Бақытжанның ерлігі мен ержүректігінің арқасында барлық құрдастарына үлгі болғанын атап өтті. Сондай-ақ, ведомство басшысы Бақытжанға болашақта полицей мамандығын таңдаса, өз тарапынан қолдау көрсетіп, ықпал ететінін жасырмады.

Еске сала кетейік, сегізінші сыныпта оқитын Бақытжан отқа оранған үйге қорықпай кіріп, бір шетте бүрісіп отырған 6 жасар қызды және 3 жасар баланы далаға алып шыққан болатын. Бұл оқиғаға дейін қолын сындырып алғанына қарамастан ол осылайша  ер азаматқа тән ерлік жасады.

49 рет оқылды
  • 4
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *