Б.Нарымбетов: Партияға жастарды көптеп жұмылдыру керек

Астанадағы Конгресс-орталықта «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының алғашқы республикалық форумы өтті. Ауқымды жиынға еліміздің әр өңірінен 600-ден астам делегат қатысты. Олардың арасында бастауыш партия ұйымдары мен филиалдарының басшылары және белсенді мүшелері бар.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ауқымды басқосу Елбасы – Партия төрағасының тікелей тапсырмасымен алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын айтты.

Форумға Шымкенттің делегациясын партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов бастап барды. Ол бастауыш партия ұйымдарының алғашқы аймақтық форумы Шымкентте өткенін айтып, ол кезде партиялық брендтің сапасын арттырып, жұмысын жандандыру тетіктерін жүзеге асыруға қажетті тұжырымдама әзірленгеніне тоқталды.

Бахадыр Нарымбетов форумда бірқатар ұсыныстарын таныстырды. Бастауыш ұйымдарға жергілікті тұрғындар арасында беделді, қоғамдық пікірге әсері бар тұлғаларды тарту керектігін айта келе, Кеңестер құрып, Қоғамдық қабылдаулар өткізу арқылы өзекті проблемаларды айқындап, бірлесіп шешуге жол ашуды ұсынды.

– Сонымен бірге депутаттық корпуспен байланысты нығайту үшін әр ұйымға «Нұр Отан» партиясынан сайланған бір депутатты өкіл ретінде бекіткен жөн деп санаймыз, – деді
Бахадыр Нарымбетов.

– Ірілендірудің тағы бір ұтымды тұсы – партия жұмысына жұмылдырылған тәжірибелі азаматтардың арасынан көшбасшыларды анықтап, кәсіби партиялық резервті сапалы қалыптастыруға жаңа мүмкіндік туындайды.

Сонымен қатар партияға жастар мен кәсіпкерлерді кеңінен тарту ісін де жүйелі жолға қоюымыз керек.

Басқосуға шақырылған министрлік өкілдері және шетелдік сарапшылар партия жұмысын оңтайландыруға арналған панельдік сессияларға қатысып, түйткілді мәселелерді шешуге атсалысты.

Форум соңында партияның үздік бастауыш ұйымы марапатталды.

Айта кетейік, бүгінде «Нұр Отан» партиясының 6 мыңға жуық бастауыш ұйымы бар.

Шымкент келбеті

68 рет оқылды
  • 19
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *