Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күнінде Шымкентте ерекше шара өтті

«Арда» қайырымдылық қоры ұйымдастырған іс-шараға Шымкент қаласының әкімдігі қолдау көрсетті.

Үшінші мегаполистегі аутизм диагнозы қойылған балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы шерумен басталды.

30-ға жуық балғын екі қабатты автобусына мініп, қаланың орталық көшелерімен серуендеді. Әл-Фараби алаңынан басталып, Түркістан көшесі, Қонаев және Бәйдібек би даңғылдарының бойымен Наурыз алаңына дейін жүрген ерекше шеруді байкер көші бастап жүрді.

Балғындар отырған «Red bus» автобусы Шымкент көшелерімен салтанатты сап түзіп, бейбіт күн белгісін паш етті. Акция «Панорама» мейрамханасында жалғасты. Онда аутизм диагнозы қойылған балғындар мен ата-аналары ақ көгершіндерді көкке ұшырып, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Photo: С. ҚОСАЕВ

69 рет оқылды
  • 7
    Поделились