БҮГІНГІ БАЛА – ЕРТЕҢГІ ӘКІМ

Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқыны.


Осы орайда, бүгін Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында дарынды оқушыларды қабылдады.


Қабылдауда бүлдіршіндер ой-пікірлерімен бөлісіп, өлең – тақпақтар айтып, өз өнерлерінін ортаға салды.

Қала әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы балаларға ізгі тілегін білдіріп, сый-сияпат жасады.

  • 79
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *