«AZALA Textile» — Қазақстандағы бірден бір толық циклді өндірісті қамтыған тоқыма комбинаты

Бүгінде 650 адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс орнының жұмысымен сенат депутаттары Н.Бекназаров пен Д.Сатыбалды танысты.

Мұнда орташа айлық — 95 мың теңге. Аталмыш компания төсек-жайма жиынтықтары сәтен, ранфорс және бөз матадан дайындайды. Мұндағы түкті жаймалар, жамылғылар, сүлгілердің сапасы жоғары. Бүгінде Шымкентте компанияның бірнеше фирмалық дүкендері өндіруші бағасымен сатуда.

Тоқыма зауыты елімізге өзінің сапалы әрі қолжетімді өнімдерімен танымал.

Отандық өнімді шығарып отырған компанияның жұмысымен толық танысқан сенаторлар басшылықтың жұмысына сәттілік тілеп, үкіметке өндірістегі кей мәселелер бойынша депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді.

92 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *