Қазақ қыздары Бакуде дзюдодан 7 медаль жеңіп алды

Бакуде түркі тілдес халықтар  арасындағы студенттер ойындарында дзюдо бойынша сайыстар аяқталды, деп хабарлайды inform.kz.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, аталған додада Қазақстан құрамасынан қатысқан барлық дзюдошылар жеңіс тұғырынан көрініп, ел намысын абыроймен қорғады. Олар ел қоржынында 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль салды.

Айталық, алтынды 52 келі салмақта Диана Аипова, 63 келі салмақта Айгерім Жұмаділда, 70 келі салмақта Ділбар Өміралиева және Нұрғаным Тұршабек қанжығасына байласа, қос күмісті 57 келі салмақта сынға түскен Динара Абильдаева мен 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Абиба Абужақынова жеңіп алды. Ал жалғыз қола медальға 78 келі салмақта Азиза Марова иелік етті.

Фото: ҚР Дзюдо федерациясы сайтынан

 

2 350 рет оқылды
  • 147
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *