Қазақстанның Қытайдан алған қарызы өтелді

Ұлттық банктің баспасөз қызметі Қазақстанның Қытайдан алған қарызы қайтарылғанын мәлімдеді.

Бүгінде Қазақстанның сыртқы қарызы 166,6 млрд долларды құрайды. Қарыздың 0,8 млрд доллары өтелді. Ол Қытайдың мемлекеттік және қаржылық ұйымдаранан алынған қарыз болатын.

Қарыздың өтелуіне шетелдік еншілес ұйымдардан алынатын сыртқы қарыздарды игеру себеп болды. Қытай банктерінен алынған қарыз мерзімінен бұрын өтелді. Квазимемлекеттік эмитенттер еурооблигацияларының нарықтық құны төмендеп, қарыз 0,3 миллиард долларға қысқарды.

Дерек көзі: Stan.kz

1 255 рет оқылды
  • 20
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *