ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫфНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

Түлкібас аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында аудан активімен кездесу өтті.

Кездесуге зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, этномәдени орталықтардың төрағалары, ауылдық округ, поселке әкімдері, қызметкерлері, аудан тұрғындары және әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бір сағатқа созылған жиынды аудан әкімі Н.Тұрашбеков ашып, жүргізіп отырды. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Алтынбеков Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына жеке-жеке тоқталып, баяндап өтті.
Жиын жалғасында жарыссөзге шығып өз пікірімді білдірем деуші аға буын өкілдері мен жас буын өкілдері мінбеге шығып, осы жолдаудың басым бағыттарының ерекшеліктерін айтып, жиынға жиналған баршаны жолдауда айтылған міндеттері бір үйдін баласындай орындауға ат салысуға шақырды. 

Жиынды қорытындылағын аудан әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы, Елбасымыздың бұл жолдауы жылдағыдай маңызды мәселелерді қамтыды. Жолдауда «Тұрғындардың әл-ауқатын көтеру», «Қызмет көрсету сапасын жақсарту», «Өмір сүру деңгейін арттыру», «Халықтың қалауындағы мемлекет құрылымы», «Тиімді сыртқы саясат», «Қазақстандықтардың елдегі өзгерістерге ілесуі» секілді бағыттар қамтылды. Сондықтан бұл бағдарлама адам капиталын дамытуды көздейді деп айтуға толық негіз бар. Нақты айтқанда Елбасымыз Қазақстандағы «Әлеуметтік мемлекет» құрылымын нығайтуға күш салады. Мемлекеттің басты міндеті-халқына қызмет ету. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың басты мақсаты Қазақстан халқын әлемдегі бәсекеге қабілетті ұлт ретінде қалыптастыру. Оны жүзеге асыру адамдардың денсаулығына, біліміне, мәдениетіне және кәсіпкерлігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар, Елбасымыз өз Жолдауында орта және жоғары білімге маңыз бере отырып, 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгіледі. Осы орайда бәсекеге қабілетті білімді жастарды «4К» ретінде танылған «креативті», «сындарлы ойлау», «коммуникативтік» және «топтық ұстаным» бағыттарына Қазақстанның заманауи білім жүйесінде басымдық берілетіндігіне назар қойғаның айта келе, осы басты құжатты насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу біздің міндетіміз деп, жиынға арнайы келіп, пікір алмасып отырған азаматтарға алғасын білдірді.

88 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *