Қазақстандық гимнаст қыздар Азия чемпионатында 17 медаль алды

Көркем гимнастикадан Азия чемпионатының финалы да аяқталды. Қазақстандық спортшылар аталған жарыста түрлі дәрежедегі 17 медальды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық арулардың үлесінде 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль бар. Команданың көшбасшысы Алина Әділханова 3 алтын (көпсайыс, доп, лента), бір күміс (обруч) және бір қола медаль жеңіп алды.


Ал жасөспірім гимнастшылардың үлесінде 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар. Роза Абитова 2 алтын медаль (обруч, доп) алды. Тағы бір алтынды ол командалық біріншілікте жеңіп алды. Сабина Бақатованың да үлесінде 1 «алтын» бар. Екі күміс медальды спортшылар топтық жаттығулар бойынша еншіледі. Тағы бір «қола» Сабина Бақатованың, екіншісі Айбота Ертайқызының (лента) үлесінде. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар топтық жаттығулардан да құр қалмай, бір «қоланы» алды.

Айта кететін мәселе, Роза Абитова 6-18 қазан аралығында Аргентинада (Буэнос-Айрес) жасөспірімдер арасында өтетін Олимпиада ойындарына лицензияны жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 28 сәуірі мен 2 мамыры аралығында Куала-Лумпурда (Малайзия) көркем гимнастикадан 10-шы Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Азияның 18 елінің спортшылары қатысты.

Олар көпсайыс және көпсайыс түрлерінен өзара сынға тұсіп, командалық біріншілікте бақ сынады.

Дерек көзі: inform.kz

 

416 рет оқылды
  • 57
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *