Қазақстан Кубогында табысты өнер көрсетті

👁‍🗨  

Созақтық гір тасын көтеру спортының өрендері ҚР Кубогында табысты өнер көрсетті. 5-7 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласында гір көтеру спортынан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Айтулы жарыста Түркістан облысының намысын қорғаған созақтық гір тасын көтеру спортының шеберлері жақсы нәтижеге жетті.

Аталған жарыста Рысбек Ердос, Сабыр Нұрсұлтан I-орын, Қобыланда Орынбасаров ІІ-орын, Бақтияр Патшаханов II-орын, Асылжан Әбдінәби III-орын алды. Еліміздің барлық өңірінен жиналған сен тұр мен атайын деген гір тасын көтеру спортының шеберлері арасында үлкен жетістікке жеткен спортшыларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Балаларды баптап, жеңістерге жетелеп жүрген, балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің жанынан ашылған гір тасын көтеру спортының жаттықтырушысы Серікбаев Мұрат Тұрсынбайұлының еңбегі ерен. Өзі де талай додада қоржынға медаль салған азамат, спортпен қатар, бапкерлікті қатар алып, талай асуларды алып жүр. Әлем чемпионатының жүлдегері атанды, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы болды. Бүгінде Мұрат Серікбаевтың гір тасын көтеру спортының өзіндік мектебін қалыптастырды. Қанатының астындағы шәкірттері әлемдік сындарда топ жарып жүр. Басқаны қойып 2019 жылғы жетістіктерін санамалап қарасақ, Қазақстан Республикасы чемпионатының 11 жүлдегерін, 9 Қазақстан Республикасының чемпионын, ҚР Кубогының 2 чемпионын, 3 жүлдегерін тәрбиеледі. 5 Азия чемпионы, 2 әлем чемпионы, 1 Азия чемионатының жүдегерлері Мұрат Серікбаевтың төл шәкірттері. Біле білгенге бас айналдыратын үлкен табыс. Мұраттың мықты шәкірттерімен бүгінде әлемнің мықты спортшылары санасады. Бұл сөзсіз Мұрат Серікбаев деген азаматтың үлкен еңбегі. Уақыт өте келе спорт деген сыйқырға арбалған, гір тасын көтерудің шебері Серікбаев феномені деген қазақ спортының жылнамасында алтын әріппен жазылады.

Сөзсіз.
Осыншама жетістігіне қарамастан қарапайымдылығанан танбайтын Мұрат Серікбаев, «қашанда қолдау білдіріп, спортшылардың басы қасынан табылатын, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлының, аудандық балалармен жасөспірдер футбол мектебінің Бақтыбай Сарсенбаевқа айтар алғысымыз шексіз»,- дейді.